Среда, 27.03.2019, 00:05
| Русский |

Мендікара ОКЖ

Меню
Іздеу
Күнтізбе
«  Март 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
біздін сұрағымыз
Оцените мой сайт
Всего ответов: 32
Сайт достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Форма входа

    Жаңалықтар. Оқиғалар

    [ Добавить материал ]

    2019 ж ылдың 6.03., с.15-00. орталық аудандық кітапханасының өлкетану және қазақ тіліндегі әдебиет секторында аналарға арналған «Ана – өмір шуағы» атты зайырлы кеш өткізілді. Кешке «Алтын ұя» клубының мүшелері және көп балалы аналар қатысты. Зайырлы кеш өте қызықты өтті. Әжелерге, аналарға арнап өнер мектебінің оқушылары Жұмабек Гүлім, Темирбекова Гүлсезім мен ұстаз Марат Өтегенов ән шырқады және үнтаспадан ана туралы әндер тыңдалды. Сұрақ-жауап және «Мақал - мәтелдердің жалғасын тап» ойыны ойнатылды. Аналар белсенді қатысты. Кешіміздің соңында аналарға арнап мерекелік дастарқан жайылды.

         

    28 ақпан күні сағат 12-00-де Боровской кәсіптік-техникалық колледжінде біздің жерлесіміз, ақын Жолбарыс Баязидтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлем мәңгі, ал мен оған бір сәтпен....» атты портрет- сағаты өткізілді. Кітапханашы Г. М. Ерсұлтанова жастарды Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының құрметті азаматы, тамаша ақынның өмірімен және шығармашылығымен таныстырды. Іс-шара барысында ақынның Қостанайым», «Мерейлі Меңдіқара», «Ана тілі», «Ұрпақтарға өсиет», «Соңғы тыныс алу минутында», «Нью-Йорк» өлеңдері, «Әкеммен әңгіме» поэмасынан үзінді оқылды. Ал «Әлем-үлкен алаң» өлеңі (Надежда Диденкованың аудармасы) ОАК библиографы Наталья Ивановна Козловамен сахналанды. Наталья Ивановна «Ақын Жолбарыс Баязидке арнау» атты өлеңін оқыды. Іс-шара Жолбарыс Баязидтің бірлікке, келісімге және түсіністікке шақыратын сөзімен аяқталды.

         

    21.02. 2019 ж. 14-00 сағатта Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында, кітапханашы Жунусова Л.Е. «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» ақпараттық сағат өткізді. Латын әліпбиіне көшу барысында не ұтатынымыз туралы түсініктеме берді.

         

    15.02.2019ж. 11.00 с. «Өткен Ауған ұмытылмас» кітап көрмесіне шолу өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналды. Аудандық Мәдениет үйінде Ауған туралы кітаптарға кітапханашы Жунусова Л. Е., шолу жасады. Бүгін өзімізбен бірге еліміздің керегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Кітапханашы Ауған соғысы туралы толық мағлұмат берді.

        

    13.02. 16-00 с. «Атына заты лайық жан» атты ақпарат сағаты санаторлық мектеп-интернатында өткізілді , 29 адам қатысты. Ақпарат сағатқа мәдениет қызметкері Сәукенов Б. Д. қатысты, санаторлық мектеп-интернатының оқушыларын, ақын Лайық Тоқайұлының өміржолымен, шығармашылығымен таныстырдық. Сәуекенов Б.Д оқушыларға өлең шумақтарын оқып берді.Іс-шараның барысында Лайық Тоқайұлының сөзіне жазылған «Қазақ қызы» және «Арқалығым менің!» атты әндерін Бакытжан Дәуренұлы шырқады. Лайық Тоқайұлы- күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы.Лайық Тоқайұлы тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамти алды деп түсіндірді кітапханашы Ибраева Р.С.

         

    Біздің сайттың құрметті пайдаланушылары!

    Аудандық кітапхана әлеуметтік желісте тіркелді. Енді «Одноклассники» желісінде біздің жекеменшік бөлік бар. Біздің бөлігімізге кіріңіздер – біздің жұмыспен танысыңыздар. Сауал қойыңыздар – біз міндетті түрде жауап береміз. Бізбенен дос болып, байланыста болуға шақырамыз!

                                                                                                                                                                                                                    Құрметпен орталық аудандық кітапхана ұжымы