Воскресенье, 16.06.2019, 06:10
| Русский |

Мендікара ОКЖ

Меню
Іздеу
Күнтізбе
«  Июнь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
біздін сұрағымыз
Оцените мой сайт
Всего ответов: 32
Сайт достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Форма входа

    Жаңалықтар. Оқиғалар

    [ Добавить материал ]

           

    20 мамыр күні, сағат 16-00-де кітапханашы Абдрашева З.К. санаториялық мектеп-интернатта «Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер» атты еске алу кешін өткізді. 1937-38 жылдары құрбан болған Алаш ардақтылары А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Майлин, Т. Рыскұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Н. Төрекұлов туралы оқушылар өз білгендерімен бөлісті, білімділіктерін көрсетті. Мысалы, 8 сынып оқушысы Марат Зейнеп Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» деген өлеңін жатқа айтып берді.

    «Қинамайды абақтыға жапқаны,

    Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

    Маған ауыр осылардың бәрінен

    Өз ауылымның иттері үріп қапқаны», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық,бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені баршамызға белгілі.

                                      

    2019 жылғы 17 мамырда сағат 14-00-де орталық аудандық кітапханада Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының құрметті азаматы, тамаша ақын Ж. Баязидтің 85 жасқа толуына орай әдеби қонақжай өткізілді. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Кітапханашылар Абдрашева З.К. мен Ерсултанова Г.М. қатысушыларды ақын Жолбарыс қажы Баязидтің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Ғ.Жұмабаев ат. мектеп-гимназиясының оқушылары Кабташарова Шынар, Мұхамбетқали Ажар, Орыналы Лаура, Жакенова Жанерке Ж. Баязидтің «Қостанайым», «Шыңдағы шынар», «Туған өңір», «Махаббат жыры» атты өлеңдерін оқыды. Ал «Мой народ», «Утешение сердцу» атты өлеңдірін Первомай ауылының орта мектебінің оқушылары Игубаева Карина, Естаев Бекзат оқыды. Ақын Отан және ерлік, ана ерлігі, өз жерлестерінің еңбек жетістіктері, қайта құрудың қиындықтары мен жетістіктері туралы жазады. Ж. Баязидтің өлеңдерін республикамыздың көптеген композиторлары музыкаға салған. Көптеген әндер Қазақстан Республикасының халық және еңбек сіңірген әртістерінің орындауында, республикалық радио мен теледидар арқылы орындалады. Ж. Баязидтің өлеңдеріне жазылған әндер тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде де танымал.